Мексикада магнитудасы 5,3 балл жер сілкінісі болды
АҚШ геологиялық қызметі хабарлағандай, жер дүмпуінен зардап шеккендер әзірге жоқ
Жер сілкініс ошағы елдің оңтүстік бөлігінде 27 шақырым тереңдікте орналасқан, деп хабарлайды Корреспондент.net сайты.
Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Оахака штатындағы Сьюдад-Истепек қаласының оңтүстігінде он шақырымда орналасқан. Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпараттар жоқ.