Өскемендік тұрғын қаңғыбас иттерден тамақ беріп құтылып жүр
23-ші шағын аудандағы қаңғыбас иттер тұрғындарды соншалық, олар аялдамаға аман-есен жету үшін "креативті" бола бастады. Бұл туралы біздің редакциямызға 23-ші шағын ауданның тұрғыны Татьяна айтып берді, деп хабарлайды Устинка LIVE
- Біздің ауданда қаңғыбас иттердің қаптап кеткені соншалықты, тіпті жалғыз жүруге қорқатын болдық, - деп шағымданды әйел. - Мен алғашында түктеге мән бермей өтіп кетпек болатынмын, бірақ әр өткен сайын лоторея ұтыс ойынына қатысқан адам сияқты шошитын болдым – Алла сақтасын егер біреуіне дұрыс көзбен қарамай қалсаң, біткен жерің сол болады! Ақыры, мен үйден бір сөмкеге - сүйек, тілім нан алып шығатын болдым, иттерді көргенде олар қауып алмасын деп тамақ лақтырамын да, ары қарай жүгіріп барып автобусқа отырып аламын. Мен иттерді жақсы көремін, ауламда итім бар, бірақ үйсіз жануарлардың жағдайы оңай емес! Адамдар өз істерімен, жұмысымен, мектеппен айналысу үшін кетуге мәжбүр екенін елестету қорқынышты...Бұл жағдай жалғыз емес.
- Мысалы, Красин көшесінде осындай иттердің бірі пайда болып, өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасайтын болған. Ит өте үлкен, қабаған, - дейді Красин кентінің тұрғындары. - Ол адамдарға қарай жүгіреді. Осы жануарлар көшеде адамның кінәсінен қаңғырып қалғаны ащы болсада шындық. Бірақ енді біз осылай қарап отыра алмаймыз, бір күні біреу осы иттің құрбаны болуы мүмкін. Егер ол өзін қорғай алмайтын бала болса?
Өскемен қалалық әкімшілікте бұл мәселенің түйінін шешу үшін өз ұсыныстарын айтуда. - Тұрғындар жергілікті немесе қалалық кәсіпкерлік және ветеринария бөліміне жазбаша өтініш жазу керек , - дейді Өскемен қалалық баспасөз-хатшысы Әлібек Тұрсымбетов. - Мамандар көрсетілген жерге барып, жануарлардың қауіпті екеніне көз жеткізіп, содан кейін оларға ұйықтатын дәрімен оқ атып алып кетеді. Ветеринария бөліміне мына телефон бойынша хабарласуға болады: 57-44-36.
Следующая →