ШҚО ТЖД "Қызыл ту" өткеліндегі мұз қалыңдығы қандай екенін айтты
Құтқарушылар тұрғындардың мамандар ескертпесіне құлақ аспай, қауіпсіздік ережелерін ескермей мұз үстіне шығып кететіндіктеріне алаңдаушылық білдіруде
ШҚО ТЖД құтқарушылары Күршім ауданында рейд жүргізді. Бұнда көліктердің мұз астына түсу жағжайы жиі орын алып тұрады. 400 балықшыға ескерту жасалды.
- Әр 10 күн сайын "Қызыл ту" өткеліндегі мұздың әр 100 метрі сайын мұз қалыңдығы өлшенеді. 30 желтоқсан күні ең жұқа мұз қабаты 5-7 см болған, ең қалың жері 18 см. Ал көліктер үстінен өтуі үшін мұз қалыңдығы 25 см-ден кем болиауы шарт, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД. - Өкінішке орай, балық аулап қызыққа батқандар қауіпсіздік ережелерін естен шығарады.
Құтқарушылар балықшыларға сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді. Балыққа барар алдында жақындарын хабардар ету керек.
- Көлікпен бірден мұз үстіне шығуға болмайды. Өйткені әр жерде мұз қалыңдығы әр түрлі, - дейді мамандар. - Балық аулайтын орынға дейінгі бағытты жағада тұрып барлап алу керек.