ҚР медициналық сақтандыру жүйесінде өз құқықтарымызды қалай қорғаймыз?
Пациенттер сапасыз медициналық қызметке байланысты қайда шағымдана алады?
МӘМС жүйесі елді 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Пациенттердің құқығын қорғауды ҚР Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өз мойнына алды. Филиалдары республиканың барлық облыстары мен аудан орталықтарында бар.
Егер пациент қажетті көлемде ем қабылдамаса немесе тегін қызмет үшін ақы төлеуге мәжбүр болса, емханаға тіркеуде қиындықтар туындап немесе емханаға жатқызудан бас тартса, келесі бес арнаға хабарласу керек.
1-әдіс: Әр медициналық мекеме жанында пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі бар. Олардың міндеті – пациенттердің жүгінулері бойынша өзекті және даулы мәселелерді шешу. Егер көрсетілген медициналық көмекке көңіліңіз толмаса, медперсонал тарапынан дөрекілік болып, жемқорлық фактілерімен ұшырассаңыз, осы қызметке жүгінуге болады. Ол үшін кері байланыс үшін нөміріңізді қалдыра отырып, арыз жазасыз.
2-әдіс: Тағы бір арна – Mvoter мобильді қосымшасы. Барлық медұйымдарда арнайы QR-код орнатылған. Сол арқылы пациент қызметті бағалай алады.
MVoter қосымшасын қалай орнатуға болады?
PlayMarket және AppStore арқылы Mvoter қосымшасын жүктеңіз. QR-кодты сканерлесеңіз, сізге қысқаша сауалнама ұсынылады, бағалайсыз. Кері байланысты күтіңіз.
3-әдіс: Медициналық мекеме қызмет көрсетуден бас тартса немесе сапасыз қызмет көрсетілсе, кез келген сұрақ бойынша 1406 бірегей нөміріне хабарласуға болады. Қоңару шалу тегін.
4-әдіс: МӘСҚ сайтында "Халықтық бақылау" бөлімі бар. Оған жазбаша түрде өз сұрақтарыңызды, ұсыныс пен шағымдарыңызды қалдыра аласыз.
5-әдіс: Әлеуметтік желідегі @osmskz парақшалары арқылы да хабарласуға болады.