Өскемен жаңажылдық шыршадан 30 млн теңгедей үнемдеп қалды
Өйткені қала билігі өткен жылы-ақ жасанды шырша орнату туралы шешім қабылдаған
Өткен жылы Республика алаңына биіктігі 30 метр жасанды шырша қойылған. Оған Семей қаласы әкімінің әрекеті үлгі болған. Ермак Сәлімов жасанды шыршаны бір рет сатып алып, бірнеше жыл қатарынан қолдануды жөн тапқан. Оның үстіне, жыл табиғи шыршаға жұмасалатын қаржыны да үнемдеп қалды.
Облыс орталығына қойылған шыршаны 14 млн теңгеге сатып алды. Ол енді Комендантка өзені бойында, Арбат пен Комсомол аралына құрылған интерактивті шырша сынды көп жылдар бойы қызмет етеді. Шыршадан өзге, оған ілінген ойыншықтар да былтырғы.
- Қаланы Жаңа жылға орай безендіруге бөлінетін қаржыдан шамамен 30 млн теңге үнемдеп қалдық, - дейді Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Владимир Землянский. - Бұл шыршаларды он шақты жыл қолдануға болады.