Нұр-Сұлтанда шетелдік студент біреудің атын жамылып елден ұшып кетпек болған
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда 23 желтоқсан күні Сомали елінің азаматы қолға түсті
Ол мемлекеттік шекарадан өтіп, Германияға бармақ болған. Ал қолында Нидерланд елінің азаматының құжаттары болған, деп жазады Zakon.kz сайты.
Әуежайдың шекара қызметі паспортты жіті тексеріп, алдында тұрған адам мен паспорт суретіндегі адамның екі бөлек екенін анықтаған. Кейін оның еліміздегі жоғары оқу орындарының бірінің студенті екені анықталды.
- Ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстанға ұшып келген. Қазақстандық визасының жарамдылық мерзімі аяқталғандықтан досының паспортын пайдаланып, ұшып кетпекші болған, - дейді әуежай қызметкерлері.
Енді ол әкімшілік жауапқа тартылады.