Біреудің тербелмелі креслосын ұрлап кеткен
Ұрлық 9-ынан 10-ына қараған түні орын алған. Бірақ зардап шеккен азаматша полицияға ұрлық туралы бір аптадан кейін шағымданған
20 жастағы азаматшаның айтуынша, ұры пәтеріне кіріп қолдан жасалған креслодан өзге, сөмкесінен 10 мың теңге де алып кеткен. Жалпы шығын 160 мың теңге.
Полиция қызметкерлер ұрының кім екенін анықтады.
- Ол 21 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейңнгң тергеу басталы, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.