АҚШ президенттігіне қариялар да үмітті
АҚШ Демократиялық партиясы атынан сайлауға түсетін үміткерлердің жастары 70-тен асады
Дебат АҚШ-тың экс-президенті Барак Обаманың сөзін мысалға келтірумен басталды. Ол саяси мәселелердің жойылмауына аға буынның саяси сахнадан кетпей отырғандығы себеп деген болатын, деп жазады Новости РАА сайты.
77 жастағы американдық саясаткер Джо Байден Обама "дәл мен туралы айтса керек" деп қалжыңмен бастады.
Сонымен қатар, ол өзінің көп жылдық тәжірибесі Америкаға көмектесетінін және жас маңызды емес, ең бастысы – экономикалық теңсіздік екенін атап өтті. Ол жас және аға буын саясаткерлерді біріктіретіндігін уәде етті.
Қазіргі таңда Дональд Трамптың жасы – 73-те. Инаугурация кезеңіндегі АҚШ-тың ең жасы үлкен президенті саналады.