Өскеменде тағы бір трамвай күрделі жөндеуден өтті
Үшінші бағыт бойынша қатынайтын жаңартылған вагон рельске шығып қойды
Вагонның іші көгілдір түспен боялып, салоны түгел жаңартылған. Креслолары жаңа көк түсті қаптамамен қапталған.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші күрделі жөндеуден өткен трамвай 21 сәуір күні рельске шығып қойған. Ол толықтай бөлшектеліп, жаңа материалдар мен бөлшектерден қайта құрастырылған.