Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақсуат-Ақжар тасжолы жөнделеді

Аймақта "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша қолға алынған ірі жобалар көп. Оның ішінде "Орталық-Шығыс" және "Оңтүстік-Шығыс" көлік дәлізі мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттарының біріне жатады

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің айтуынша, қазіргі уақытта "Омбы-Майқапшағай" тас жолының жалпы ұзындығы 125 км болатын үш бөлігінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы бұл жоба 319 млрд теңге қаржыны құрайды. Оның 85 пайызы несиеге берілсе, 15 пайызы республикалық бюджеттен бөлінген.

- Қалбатау-Майқапшағай тас жолын жөндеу жұмыстары 159 млрд теңгені құрайды. Оның 16 км жолына асфалт-бетон төселіп, 4,7 млрд теңгесі игерілді. Жоба 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Ал Алматы-Өскемен тасжолындағы 458 км жол біздің облысқа тиесілі. Жобаға 160 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 80 км жөнделіп бітті. Бұл жоба да 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланып отыр, - дейді әкімнің орынбасары Бақытжан Баяхметов.

Сонымен қатар, қаржысы республикалық бюджеттен бөлінетін «Өскемен-Алтай-Рахман қайнары» учаскелері қайта жөндеуден өтіп жатыр. Алайда бұл бағытындағы жол құрылысына қағазбастылық қолбайлау болғанын айта кетейік. Мердігер компания былтырдан бері тау шатқалында алып көпірдің құрылысын бастай алмай жүрген болатын. Себебі құрылыс жүргізілуі тиіс біраз жер әлі күнге дейін орман қорының қарамағында екен. Тиісті рұқсат қағаздарының болмауынан енді тұтас жобаның жүзеге асу мерзімі кейінге шегерілді. Жалпы 30 шақырымды қамтитын бұл жоба бойынша 500-ден астам жұмысшы мен 200 техника жұмылдырылған. Басты мақсат – "серпантин" аталған жолды түзулеп, қауіпсіз ету. Демалыс орындарымен ара қашықтықты қысқарту.

Сондай-ақ, келер жылы республикалық маңызы бар Аягөз-Ақжар учаскесін жөндеу жұмыстары қайта жалғасын табады.

- Аягөз-Ақжар тас жолының ортасында жолдар 3 жыл бұрын 77 шақырымы жөнделді. Жұмыс жақсы жүргізілді. Енді тағы Ақжар мен Ақсуат арасындағы 72 шақырым жол қалды. Бұл - республикалық маңызы бар жол. Осыған құжаттарды дайындаңыздар. Сонда Зайсан мен Аягөздің арасын қосамыз. Бұл көптеген мәселені шешеді, - деп атап өтті облыс әкімі Даниал Ахметов.

Алайда Аягөз-Ақжар учаскесі республикалық маңызы бар болса да, қаржы жергілікті бюджеттен бөлінетін болды.

Следующая →