Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
ҚР ҰҚК ақпараты бойынша, жеке кәсіпкерден лауазымды тұлғалар 50 миллион теңге сұраған
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҚР ҰҚК ресми сайтында хабарланғандай, жеке кәсіпкер өкілінен аса ірі мөлшерде ақша бопсалаумен байланысты прокуратура органдары лауазымды тұлғаларының құқыққа қарсы әрекеттерінің жолы кесілді.
Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Қорқытып алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.- 10 желтоқсанда Өскеменде кәсіпкерден 50 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат алған лауазымды тұлғалар ұсталды, - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.