3-ші желтоқсаннан бастап Семейдегі қоғамдық көліктерде электрондық билеттендіру іске қосылады
Жаңа жүйе іске қосылғаннан бастап жолаушылар үшін енді ақшаға билет сатып алу тиімсіз болады
Семей – шығыстағы электрондық билеттерді іске қосатын алғашқы қалалардың бірі болады. 3-ші желтоқсаннан бастап 42 маршрут, бұл дегеніміз 334 автобус қолма-қол ақшасыз төлемге көшеді. Бұл туралы хабарламалар қоғамдық көліктерде ілініп тұр, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Семей қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Серікқали Жұмановтың айтуынша, қоғамдық көліктер жаңа төлем жүйесін іске қосуға дайындық жүргізуде.
Следующая →
Семей қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Серікқали Жұмановтың айтуынша, қоғамдық көліктер жаңа төлем жүйесін іске қосуға дайындық жүргізуде.
- Электрондық билеттендіру жүйесін іске қосу үшін әзірге ешқандай мәселе жоқ, - дейді Серікқали Жұманов. - Қазіргі уақытта стационарлық валидаторлар орнатылуда, кондукторларды оқытып жатырмыз, карталар таратылуда. Қолма-қол ақшасыз картамен төлем жасау құны өзгеріссіз қалады: ересектерге – 80 теңге, 7 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдерге және де 70 жастан асқан зейнеткерлерге – 40 теңге.