Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен қаласының тұрғыны баласының тісін емдетуге көмек беруді сұрайды

Алты жасар Данияр"Аутизм" диагнозымен өмір сүріп келеді, ол бала кезінен мүгедек болып туған. Кез келген стоматолог дәрігер баланың тісін емдеу үшін жүкті мойына ала бермейді

Кішкентай Даниярдың тісінде пульпит бар, деп хабарлайды Устинка LIVE. 

- Менің баламның тістері қақсап қиналады, жылайды, - дейді баланың анасы Меруерт Искакова. - "Кеторол" дәрісін егіп қана күнімізді көріп жүрміз.

Даниярдың жаратылысы ерекше бала болған соң ауыр стоматологиялық қызметтер оған тек жалпы наркоз - седация жағдайында ғана жасалады. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл ұйықтататын газ. Бұндай балалар өздігінен креслоға отырып, ауыздарын аша алмайды, қалай отыру керектігін түсінбейді.

Өскемен қаласында бұл науқасты бір стоматологиялық клиника ғана емдеуге келіскен. Бұл мекеме Даниярдың анасы Меруерт Искаковаға 250 мың теңгеге бағалар тізімін есептеп берген. Әрине, екі кішкентай баласы бар әйелде бұндай қаржы жоқ.

- Даниярдың төрт пульпит тістерін емдеп, ал бірнеше тістеріне пломба салып, кейбір тістерін жұлу керек, - дейді ана. - Біз екі тісін жазда наркозбен емдегенбіз. Ол кезде баламның тістерін емдеуге ақшаны қарызға алған болатынмын. Қарызымды әлі күнге дейін қайтарып жатырмын.

Қомақты ақшаны табуға уақыт өте тығыз. Емдеуді желтоқсан айының бірінен бастау керек. Амалы таусылған Меруерт әлеуметтік желілерден көмек сұраған және бізге де хат жолдады. Біз оның мәселесіне бей-жай қарай алмадық. Көптеген адамдарға қарапайым болғанымен, осындай медицинаның қызметіне қол жеткізе алмай жүргендер қаншама. Бұл ананың жағдайына бей-жай қарамаған қамқор жандар көмек қолын созуда. Қазіргі уақытта 225 мың теңге жинау керек. Көмек көрсету үшін арналған реквизиттер:

Kaspi GOLD: 5169 4971 1235 7862 ЖСН: 900 307 400 668. Карта Даниярдың анасы Меруерт Искакованың атында. Онымен мына телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыздар: 8-708-103-16-75.


Следующая →