Өскемен тұрғындары тегін заң көмегін алды
Қала тұрғындары екі сағат ішінде білікті заңгерлер мен адвокаттарға өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойды
Облыс орталығында "Халық заңгері" акциясы екінші жыл қатарынан өтуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Азаматтарды қабылдау С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ұйымдастырылды. Залда келушілер көп болды және әркім өз сұрағына жауап алғысы келді.
- Бұл жалпы республикалық акция. Оның негізгі мақсаты - азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беру. Мұнда кез келген адам келіп, оған қызығушылық танытатын сұрақ қоя алады. Қатысушылар прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полицейлер, әділет, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалар болып табылады, - дейді ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Құқық және парасаттылық басқармасының басшысы Ренат Нәбиев. – Биылғы жылы акция өтетін қалалар тізіміне Семей және Аягөз кіреді.
Облыс орталығының тұрғыны Елена Чуприна Бурова көшесі, 35-үйде көлікті заңсыз қою туралы сұраған қойды. Үй тұрғындары аталған мәселені төрт жылға жуық уақыт шеше алмауда.
- 17 машинаға арналған тұрақ, үй жанындағы аумақ, көлік жүретін бөлік автомобильдерге толы. Түнгі уақытта көлік шамдары терезелерге жарық беріп, көлік дабылдары маза бермейлі, сонымен қатар қазір көлік иелері көлікті үнемі жылытады, - дейді қала тұрғыны. - Қазір қайда барып, аталған мәселені қалай шешуге болатынын білмегенбіз. Кеңес берді, сұрағымызға жауап алдық – сотқа жүгіну керек.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, өткен жылы Өскеменде халық заңгерлеріне кеңес алу үшін 500-ге жуық адам жүгінген. Бұл жолы өтініш білдіргендер әлдеқайда көп.