Павлодарда ер адам бөтен көлікті айдап кеткен
Полиция бөлімшесіне Павлодар қаласының 34 жастағы тұрғыны Космонавттар көшесі бойында "ВАЗ 21043" көлігін айдап кету туралы хабарлаған
Ер адам өз көлігін жолға жақын маңда қалдырғанын айтқан. Автомобильдің есіктерін жауып кеткен, ал бір сағат уақыт өткен соң, қайтып оралғанда өз көлігін таба алмаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Полиция жоғалған көлікті қаланың автотұрақтарының бірінен тапқан. Көлікті айдап әкетуші 48 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол жәбірленушінің автокөлігін өзінің ертедегі досының машинасымен шатастырған, ол одан үлкен ақша сомасын қарызға алған, сондықтан айдап әкетуші оны өз тәсілімен жазаламақ болып шешкен.
- Ұсталған азамат көлікті көріп, оны жақын маңдағы автотұраққа сүйреп апарған, - деп атап өтті аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы "Автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Егер сот күдіктінің кінәсін мойындаса, онда оған бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады.