Өскемен
облачно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +20°
$
479.05
+0.12
534.57
-0.39
¥
67.92
+0.12
5.17
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Robolab оқу-роботты техникалық зертханасының ашылуы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да университет пен Білім және ғылым министрлігінің Дүниежүзілік банктің қолдауындағы бірлескен жобасы – Robolab оқу-роботты техникалық зертханасының ашылуы өтті

- Бүгін біз С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Білім және ғылым министрлігінің Дүниежүзілік банктің қолдауындағы бірлескен жобасының іске асырылуына куә болып отырмыз. Бұл жобаның бастапқы кезеңі – сіздерге ұсынылып отырған роботты техникалық құрал-жабдықтар, олар ары қарайғы қолдану үшін бірнеше бағытқа ие. Ең алдымен, роботты техника зертханасы базасында облыстың және облыс орталығының мектептерінде ашылған роботты техника кабинеттеріне арналған мамандар даярлау ісі жүргізілетін болады, мұндай кабинеттердің саны 600-ден асады. Аталған мамандар – мұғалімге қажет жұмыс инфрақұрылымын жасауға арналған роботтарды құрастыру және модельдеу құзіреттіліктері бар мектеп оқушыларының, инженерлік-техникалық еңбеккерлердің жобалық қызметтері негізінде инновациялық технологияларды енгізуші информатика мұғалімдері, – деп хабарлады жоғары оқу орнының ректоры Мұхтар Төлеген.

Екінші бағыт – түрлі салаларды (бағдарламалау, модельдеу, электроника) түйістірген білімнің – пәнаралық білімнің болашақ ІТ-мамандарын қалыптастыру.

- Нақ осындай форматтағы мамандар қажеттілігіне жауап ретінде біздің оқу орнымызда өткен жылы республикалық оқу-әдістемелік секцияның қолдауымен және Білім және ғылым министрлігінің қуаттауымен «Компьютерлік мехатроника» және «Цифрлық гуманитаристика» білім беру бағдарламаларының ашылуы кездейсоқ емес. Біздің жоспарымызда STEM-білімді әрмен қарай дамыту бар, олардың аясында академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар нақты өмір контекстінде зерттеледі, – деп атап өтті Мұхтар Төлеген.

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Жеңіскүл Жантасова және «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенттері салтанатқа қатысушыларды «ROBOLAB» білім беру ортасының веб-парақшасымен таныстырды.

Оқу зертханасының құрал-жабдықтары басқарудың компьютерлендірілген жүйесінен, роботты техникалық жиынтықтың 3 түрінен, құралдар жиынтығынан, сандық бағдарламалық басқарудан, материалдарды әзірлеуге және өңдеуге арналған микроскоптан, жаттығу полигонынан, 3D-принтерден тұрады.

Толық жабдықталған Robolab роботты техниканың зертханалық кабинеті оқытуға қажет барлық құралдармен және техникалық құрылғылармен жарақталған, ол дайын роботты техникалық жиынтықтарды жасауға және оларды дербес бөлшектермен толықтыруға мүмкіндік береді. Конструкторлардың бірегейлігі сол – түрлі жиынтықтардың бөлшектерін үйлестіре отырып, қолданбалы міндеттерді шешуге қажет кез келген күрделіліктегі және белгіленген дәлдіктегі алуан түрлі модельдерді жасауға болады.
Следующая →