Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Келер жылы қандай ірі өндіріс орындары ашылады?

Өңірде 136,7 га жерді алып жатқан үш индустриалды аймақ бар. Олар - 2007 жылы құрылған Семейдегі "Өндіріс", Өскемендегі Машиностроителей көшесі және "Өркен-КШТ". Алайда бұл ірі индустриялық аймақтар ұзақ жылдар бойы қаңырап бос тұр

Осыдан 13 жыл бұрын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында аталмыш ірі индустриялық аймақтарға билік инфрақұрылым тартамыз деп уәде еткен. Яғни, кәсіпкерлерге су, жылу, жарық, жолы дайын жер телімдерін беріп, кәсіптерін дөңгелетуге мемлекет қолдау көрсетпек болды. Кейін құжаттар мақұлданбай, құжаттар мақұлданса, біресе қаржы көзі жетпей, қаржы көзі жетіп тұрғанда басқарма басшылары парамен ұсталып, жұмыс тоқтап қалды. Кейін 2017 жылы облыс әкімі Даниал Ахметов осы ірі индустриялық аймақтарды толтыратын ауқымды жобаларды тауып, мақұлдады. Ал жұмыс орнынан енді қозғала бастағандай.

29 га жерді алып жатқан "Өркен-КШТ" индустриялық аумағында астық өнімдердің түр-түрін шығаратын наубайхана, металл конструкциялары мен дөңгелек шығаратын зауыт және ойын-сауық кешені ашылады. Сондай-ақ, "Марат М" автокөлік кәсіпорыны осы аумақтан автобустарға қызмет көрсететін өндірістік база салмақ.

Ал қаладағы 18 гектар телімді алып жатқан екінші аймақ - Машинастроителей көшесінде дәрі-дәрмек сақтауға арналған фармацевтикалық қойма. Көбіктібетонды блоктар және сұйықсабын шығаратын өндіріс.

- Көбіктібетон өнімге сұраныстың жоқтығынан жоба әзірге тоқтап тұр. Жалпы өнімдерді өткізудің жолдарын қарастырып жатырмыз, - дейді Өскемен әкімі Жақсылық Омар.

Ал Семейдегі "Өндіріс" индустриялық аймағының 55 га жері "Агропортал" ЖШС-на беріліпті. Ол жерге кәсіпорын еткомбинатын салуды жоспарлап отырған көрінеді. Тек кәсіпорынның қаржы тапшылығы өндіріске тұсау болып отыр.

Следующая →