Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Тротуардағы кедергі жаяу жүргіншілерге кедергі келтіруде

Бажов көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолында бағаналар тұр, ал құдықтарына бетон толтырылған

Өскемен қаласында жаз бойы көшелерді абаттандыру жүрді: жолдар кеңейтілді, жол жабындысы жаңартылды, бөлу жолақтарын алып тастады. Бірақ жөндеу жұмыстары халыққа ыңғайлы болмай, кедергісін келтіріп жатқан жерлер де бар болып шықты.

Мәселен, Бажов көшесіндегі №516 мен №518 үйлер арасындағы тротуар ортасында бағаналар тұр, ал құдықтарына бетон толтырылған. Дәл осындай мәселемен қала тұрғыны Анатолий Тютеньков облыс әкімі Даниал Ахметовтің қабылдауында болды.

- Үй тұрғындары мен ЖӨӨБК төрағасы мердігер компаниялар мен ТҮКШ жасап кеткен жөндеу жұмыстарына таңырқай қарады, - дейді зағип жан. - Жасалған жұмыстар сапасыз, тротуар ортасында бағана шығып тұр, құдықтар толып қалған. Қазір ол тротуарларды қардан тазаламайды да көлік жолымен жүруге мәжбүрміз. Ол үйлерде арбаға таңылған мүгедек жандар бар. Олар қайтпек?

Ал облыс әкімі базынасын айта келген ер адамған келер жылдың 20 мамырына дейін тротуарлардың қалыпқа келтірілетінін айтып уәде берді.

- Мердігер олқылықты түзетуі керек, - деді әкім. - Көктем жай келуі мүмкін. Шартты түрде 20 мамыр деп алайық.


Следующая →