45-ші дәріхана ауданындағы жол асты өткеліне ковролин төселуде
Қалалық ТҮКШ бөліміне тұрғындардан жол асты өткелінің едені қыстыгүні тайғанақ деген шағым түсе бастаған
Халықтан түскен көптеген шағымнан кейін коммуналды мекеме қызметкерлері кілем төсемек.
- Таңертең жұмысқа келе жатқанда тайғанап құлап қалдым – құйымшағымды шығарып алдым, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Елена. - Тіпті, ауырғаны сонша жылап алдым. Бірақ аяғымды сындырмағаныма қуаныштымын.
Естеріңізге сала кетейік, қалалық әкімдіктегілер бұған дейін Спорт сарайындағы жол үсті өткелінің еденіндегідей резеңке төсемек болған.
- Өткен жылдағыдай әзірге ковролин төсей бастадық, - дейді ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Владимир Землянский.
Оның айтуынша, алдымен жол асты өткелінің еденінде жатқан резеңке төсемені байқап көру керек.