АҚШ-та ұшып бара жатқан ұшақта өрт шықты
Ұшақтағы механикалық ақау кесірінен өрт шықты, бірақ жолаушылар зардап шеккен жоқ
Philippine Airlines әуе компаниясының Boeing 777 ұшағы ұшып шыққанан кейін өрт шыққан. Сол себепті әуе лайнері әуежайға кері қайтуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Корреспондент.net сайты.
Ұшақ бортында 347 жолаушы болған, рейс Филиппинге бет алды. Жолушылардың айтуынша, ұшып шыққаннан кейін салонда төрт ауыр дүмпу естілген. Қозғалтқыштарының бірінен өрт шыққан.
Бір сағаттан кейін ұшақ әуежайға оралды. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, келесі ұшаққа ауыстырылды.