Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Алтын шыққан жерді белден қаз...

Елімізде былтырдан бастап жекелеген азаматтарға алтынды өз күшімен өндіруге рұқсат беретін арнайы заң күшіне енді

Бұл - көлеңкелі бизнесті заңдастыруға таптырмайтын мүмкіндік. Бағалы металдың өндірісі үшін Шығыс Қазақстан облысында да арнайы жер телімдері белгіленген. Жаңа заң бойынша өз күшімен алтын іздеймін дегендер әкімдіктен лицензия алуы керек. Ең басты талап - экологияға зиян тигізбеуі тиіс. Ол үшін кепілге 1 миллион теңге қаржы салу міндеттелген. Сонда ғана бес гектар жерді алып, үш метр тереңдікке дейін алтын қазуға болады. Одан арғы тереңдіктер өнеркәсіптік өндіріс аумағы болып табылады.

Алтын қазуға рұқсат және талап

Үлкендер тау суларында, әсіресе, Алтай тауынан шығатын өзендерде алтын көп болатынын айтып жатады. Бұрынғылар Алтайдың асау өзендеріне көктемде, ел жайлауға көшерден бұрын қойдың жүні түспеген терісін тастап, таспен бастырып кететін көрінеді. Күзде күзеуге келе жатқан жолда әлгі теріні алып, әбден жидіп тұрған теріні өртейді деседі. Сөйтіп, жаз бойы тау өзенінің қатты ағысы теріге жинап тастаған алтынды алады екен. Енді сол алтын сүзу қызметі біздің елде қайтадан жаңғыра бастады.

- "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану" кодексіне өзгерістер енгізілді. Соның бірі - жеке тұлғаларға алтын қазуға рұқсат берілгендігі. Алтын қазуға рұқсат беруге біздің басқармаға өкілеттік беріліп отыр. Бір тұлға кен іздеушілікке бір ғана лицензияға ие болады, тиісінше бір ғана жер учаскесі. Алтын кеніші орындарының тізімі бар. Облыс бойынша кен іздеушілікке 146 учаске анықталды, оның ішінде 17 учаскеде жұмыс қызу жүріп жатыр. Бұл учаскелер Күршім, Катонқарағай аудандарында орналасқан. Бүгінгі күні кен іздеушілікке лицензия алуға өтініштердің жалпы саны - 20, оның 18-іне лицензия берілді. Заңда көрсетілгендей бір кәсіпкер әр гектары үшін жылына 9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде салық төлеп, өз учаскесінен жылына 50 келіге дейін алтын өндіре алады, - дейді облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шурманов.

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекс қазақтың көне заманнан бері келе жатқан металл өндіру ісіне, соның ішінде алтын іздеу мен алтын сүзу кәсібіне қайта оралуына мүмкіндік бергені көпті қуантты. Кодекс кәсіпкерліктің жаңа түріне жол ашқан жайы бар. Яғни, алтын шаюды заңдастыру арқылы ірі шахталар төңірегінде жүрген, көбі күнкөрістің қамымен бастарын бәйгеге тігетін адамдарды заңды жолмен табыс табуға бағыттау мақсаты көзделіпті. Сәйкесінше рұқсаты бар "кен іздеушілер" алтын шаюға қорықпай кірісе бастайды деген сөз. Есесіне бұл әдіс жүздеген тонна алтын рудасын заңсыз шетел асырып келген қылмыстық топтардың жолын кеседі.

Кен іздеуші болғысы келген адам тиісті органға өзі бағалы металл немесе асыл тас қазғысы келетін жердің аумағын көрсетіп, қолындағы техникаларын таныстыруы қажет. Заң бойынша старатель алтын шаю жұмыстарына көлемі 1 текше метрдің жартысынан көп болмайтын күрегі бар экскаваторлар мен бульдозерлерді, жүк көтеру салмағы 10 тоннадан аспайтын көліктерді ғана пайдалана алады. Күрделі құрылыстар салуға, химиялық реагенттер мен жарылғыш заттар пайдалануға рұқсат жоқ. Жерді белгіленген мөлшерден төмен қарай қазғанда 3 метр тереңдіктен асырмауыңыз керек. Қысқасы, алтын шаюшыларға түрлі талаптар қойылған. Сол талаптар үдесінен шықсаңыз ғана сізге алтын қазуға рұқсат етеді. Ал кенді шайып алу барысында кәсіпкерге химиялық қоспалар пайдалануға рұқсат етілмейді.

Қалжыр өзенінің фаунасына қауіп төніп тұр ма?

Алайда Кодекс бойынша кен іздеушілерге лицензия беру жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне берілетіндіктен, лицензия ауданнан немесе облыстан берілсе де, тамыр-таныстық, сыбайластық күшейіп жаңа кәсіп түріне жемқорлық араласып кетуі ғажап емес. Сонымен қатар, дәстүрлі экологиялық мәдениетін жоғалтып алған, жаңасын қалыптастыра қоймаған жұрт алтын қазуға келгенде туған жер топырағының қасиеті мен киесін ұмытып кету қаупі бар. Оған мысал ретінде айтуға болатын деректер жаһанда жетіп артылады. Мәселен, Күршім ауданының тұрғындары осындай алтын іздеушілер жерді қазып-қазып, орындарды ашық-шашық тастап кетеді деп жатады. Бұл сұрақты аудан әкімінің өзіне қойған едік.

- Қазған жерлердің бәрін жоймай, тастап кететін болса, онда оны үкімет ала алады, сөйтіп ол жерлерді реттеп алады. Қазір бізде ең басты мәселе осы жер қойнауы операцияларының салдарын жою міндеттемесі тұр ғой, көбіне қазір қазып кетіп қалады. Егер рекултивацияның бәрін жасап қайта қалпына келтіретін болса, ол ақша өздерінде қалады. Негізі тау беткейлерінде алтын кендері шашырай орналасқан. Сондықтан әр жерде бір кездесетін руда үшін ірі өндіріс ошағын орнату өзін-өзі ақтамайтын іс. Бірақ еңбегіне сүйеніп, шағын алтын өндіру цехін ашамын деушілерге таптырмайтын мүмкіндік, - дейді Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов.

Иә, расымен әкімнің айтқаны Заңмен реттелген екен. "Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану" туралы ҚР Кодексінің 265-бабы, 3 тармағының
2 тармақшасында жазылғандай лицензия алу туралы өтінішке кен іздеушілік салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қаматамасыз етудің берілгенін растайтын құжат көшірмесі қоса беріледі.

- Ал 274-бапқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушының үлескерлік салдарын жою жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету банктік салым кепіл немесе екінші деңгейдегі банк берген кепілдік түрінде беріледі. Салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда банк салымы немесе кепілдігі салдарын жою үшін пайдаланылады, - дейді облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шурманов.

Дегенмен, бұл жақта басқа проблема бар. Көптеген ұсақ фирмалар бағалы заттарды барлауға рұқсат алып, алтынды игерумен айналысып жатыр делік. Ең сорақысы, жуынды материалдарының ішіндегі улы химикаттары Күршім ауданындағы Қалжыр өзеніне төгіліп жатыр дейді жергілікті тұрғындар.

- Халық арасында осындай әңгіме өте көп. "Қалжыр өзенінің фаунасына қауіп төніп тұр" деген сөз. Осы мәселені құзырлы органдардың жан-жақты тексеру қажеттігі туып тұрғандығы анық. Марқакөл мен Қалжырдың қайталанбас табиғатын сақтап қалу ұрпақтар алдындағы міндет және парыз! - дейді жақында ғана ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап қайтқан саясаткер, қоғам белсендісі Ерлан Саиров.

Қара кеншілерге тұсау бар ма?

Елде 400-ге жуық алтын кені бар екенін ескерсек, сол төңіректі торуылдайтындар да азая қоймасы анық. Cебебі кейбіреулердің қылмыстық жолдан бас тартатынына да кепілдік жоқ. Өйткені ресми түрде алтынның әр грамын мемлекетке сатқанда, алтынды шайған адамның таза пайдасы тым аз болады. Мәселен, нарықта алтынның бір грамы 18 мың теңгеден асады. Ұлттық банкте сол бағаны ұсынады. Бірақ рудадан шайылған таза алтынды мемлекет 18 мыңға ала қоймауы да мүмкін. Қандай бағаға алса да, оның біраз бөлігі салыққа, тағы бір бөлігі алтын шаю жұмысының шығындарына кетеді. Демек, пайда ойлағандай болмай қалады. Осылайша заңсыз жолмен алынған алтынды жоғарғы бағаға сатып жіберу мүмкіндігі де, қатері де көп. Міне, осы тұрғыда қарастырар болсақ, кен іздеушілік қызметті енгізген жағдайда оны жан-жақты қолдау әрі бақылау қажет.


P.S Қысқасы, "қара кеншілер" елімізде бар және олар ел экономикасына зиян келтіріп жатыр. Одан бөлек "қара кеншілердің" арасында өлім-жітім де көп. Заңсыз жолмен шахтаға түсіп, оқыстан мерт болып, қылмыстық топтардың арасындағы кикілжіңнен көз жұмып жатқандар да бар. Демек, олармен күрес жан-жақты болуы керек.


Следующая →