Ішіп алған бойжеткен дәмханада жанжал шығарған
15 қараша күні түнгі уақытта қаладағы көңіл көтеру орындарының бірінен полицияға қоңырау түсті. Ондағылар жанжал шығарған келіншекке шағымданған
1.43 шамасында 102 арнасына 22 жастағы қыздан шағым түсті.
Оның айтуынша, 20-30 жас шамасындағы келіншек дәмхана ішінде сйқан шығарып, 4 сыра күрешкесін сындырған.
Полиция қызметкерлері бұзақыны дереу тапты. Өскемен қалалық Полиция басқармасы ұсынған ақпараттарға сүйенсек, ол 21 жастағы бойжеткен екен. Ол өз ісін мойындады.
Қазіргі таңда осы іс бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.