Қазақстанда заңсыз миграцияны ұйымдастырушылар қолға түсті
ҰҚК қызметкерлері Алматы қалалық прокуратурамен бірлесіп адамдарды Қазақстанға заңсыз кіргізіп жүрген қылмыстық топты құрықтады
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл топ көбінесе Орталық Азия халықтарын елге заңсыз кіргізіп келген.
Топ құрамына Алматы қаласының миграциялық орталығының қызметкерлері мен құжаттарды жедел рәсімдеп жүргендер енген. Шетелдіктер жалған мекенжайды көрсетіп тіркеліп жүрген.
Тексеріс нәтижесінде 40 шетелдік құжат, 2 млн теңге көлемінде ақша, жалған еңбек келісімшарттары тәркіленді.
Тақырыптар:
Организаторы незаконной миграции Пресс-служба КНБ Миграционная служба Казахстана Незаконные мигранты в Казахстане