Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Түсіндіру жұмыстары қолға алынса...

Мемлекеттің негізгі ұстанымы көмекке шынайы мұқтаж азаматтарға көмектесу болғандықтан бірінші кезекте балаларға және көпбалалы отбасыларға көмектеседі

- АӘК алатын балалардың 60%-ға жуығы көпбалалы отбасыларда тұрады. Осы орайда дұрыс шешімін тапқан мәселе, ол көпбалалы отбасы – аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып, көпбалалы отбасыларды жеке санатқа шығарып, оларға кепілдендірілген жәрдемақы ұсынылуы, - дейді "Нұр Отан" партияларынан Семей қалалық мәслихатының депутаты Дариға Дайрова.

Егер әлемдік стандартқа қарап салыстыратын болсақ, әлеуметтік көмек барлық елдің тәжірибесінде бар. Егер әлеуметтік көмектің көлемі тым көп болып кетсе, онда ол халықты масылдыққа итермелейді. Халық арасында осы жағдайды пайдаланып қалғысы келетіндер де кездесетіні рас. Мәселені көтеріп, шулатып, баспаналы болып қалайық дегендер де бар. Демек, мұның да бір шегі бар. Мемлекет жағдайы нашар адамдарға әлеуметтік көмек беруі тиіс. Бірақ оны тұтастай әлеуметтік мәселесін шешіп тастайтындай етіп жасамауы керек. Егер солай болса, онда масылдық тудырады. Меніңше, көмектің мөлшері орташа деңгейден жоғары болуы тиіс.

- Көпбалалы отбасылардың арасында АӘК туралы мүлдем естімеген жандар да кездеседі, - дейді "Нұр Отан" партияларынан Семей қалалық мәслихатының депутаты Дариға Дайрова. - Әрине, мен өз тарапымнан оларға мемлекеттен осындай көмектің беріле бастағандығын айтып, құзырлы орындарға жүгіну керектігін түсіндіремін. Көмекке зәру отбасылардың көбінің ортақ проблемасы бар. Яғни, олар құжат жинау мен рәсімдеудің жолдарын түсінбейді, қайда бару керектігін білмей, дал болады. Міне, осы орайда оларға кеңес берілсе, түсіндіру жолдары жақсылап қолға алынса, деген тілек бар.


Следующая →
Тақырыптар: АӘК Нұр-Отан Түсіндіру