Спорт сарайы маңайындағы жол үсті өткелінің еденіне резеңке төселуде
1 қарашадан бастап жол үсті өткелінің ішіне автокөлік резеңкесінен дайындалған тайғанамайтын плиткаларды төсеу жұмыстары басталып кетті
Қалалық әкімдік резеңке төсеніштер 8 қарашаға дейін қойлып бітетіндігіне уәде етті. Шаршы резеңке кеспелер қала тұрғындарының қыстыгүнгі көктайғақта қауіпсіздіктерін қамтамасыз етпек.
- Бұл кеспелерді Өскемен қаласындағы фирмалардың бірі автокөлік шиналарынан әзірлеген, - дейді Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетов. - Өткен жылы тұрғындар жол үсті өткелінің едендері тайғанақ деп шағым түсірген болатын. Ал бұнда бұрын төселген ковролан жыртылып кетеді, сондықтан да оны осындай резеңке төсеніштерге ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, егер бұл төсеніштер жақсы сақталатын болса, 45-ші дәріхана маңындағы жол асты өткеліне де төселетін болады.