Телефон сатып аламын деп алаяқтың арбауына түсті
Белгісіз ер адам ұялы телефон сатамын деп, қала тұрғынының ақшасын алып кеткен
25 қазан күні кешкі сағат 20.41 шамасында 102 арнасына қала тұрғындарының бірі қоңару шалған. Ол белгісіз ер адамның ақшасын алдап алып кеткенін айтқан.
32 жастағы азаматша сағат 17.00 шамасында орталық базар маңында болғанын айтады. Белгісіз ер адам телефон сатамын деп келген. Алайда азаматшаның 6 мың теңге ақшасын алып, телефонын бермей тайып тұрған.
- Полиция қызметкерлері осы іс бойынша күдікке ілінген 1999 жылғы азаматты қолға түсірді. Күдікті қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлады Өскемен қалалық ПД баспасөз қызметі.