Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Әлемді өзгертетін ұстаздар NIS-та қайта жолығады

Нұрсұлтанда "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарының "Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар" XI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы мәресіне жетті

Әлемдегі беделді заманауи білім алаңында Қазақстан мен әлемнің 17 елінен (АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Норвегия, Нидерланд, Франция, Сингапур, Гонконг, Вьетнам, Австралия, Испания, Ресей, Армения және басқалары) үздік ұстаздар, сарапшылар, ғалымдар мен менеджерлер қатысты. Барлық делегаттар өздерінің кәсіби қызметімен "Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар" педагогикалық форумының атына лайық.

- Жаһандық әлемдегі өзгерістер жаңа өмір бойы білім тәртібін қабылдауды талап етеді. Біздің ұстаздар уақыт ағымымен бір сапта емес, балаларды болашаққа дайындау үшін әрқашан бір қадам алда жүруі керек, - деп конференцияның жаһандық маңызы мен қазіргі әлемдегі ұстаздар рөлінің маңызын Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Күлгінов атап өтті.

Конференция тарихи оқиғамен бастау алды. Алматыдағы ЮНЕСКО кластерлік бюросының білім бөлімі басшысы Лина Бенете "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы басқармасы төрайымы Күләш Шәмшідиноваға ЮНЕСКО-ның Wenhui Award 2019 жыл марапатын табыстады. Білім саласында ЮНЕСКО марапатына ие болған еліміздегі алғашқы өкіл NIS. Wenhui Award "Білім-2030" күн тәртібін жылжытуға арналған мектеп пен университет арасындағы серіктестікке ықпал етуге бағытталған. Сапалы білім мен өмір бойы оқуға – балалар мен жастарды өмірге, жұмысқа және жаһандық азаматтыққа ұмтылуға ықпал ететін университет пен мектеп арасындағы серіктесті сәтті қамтамасыз еткені үшін ЮНЕСКО марапаты Қазақстанның инновациялық мектептеріне берілді.

Конференция аясында үш пленарлы отырыс, 12 шеберлік сыныптары, 24 тақырыптық секциялар өтіп жүзден аса баяндамалар оқылды. Lesson Study және Action Research зерттеулері, жаңа білім мазмұны, халықаралық TALIS-2018 халықаралық зерттеу қорытындылары бойынша алты тақырыптық симпозиумдар және білім ресурстары көрмесі өтті.

Конференция делегаттары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшідинованың қорытынды дискуссиядағы сөзіне ерекше ден қойды.

- Орта білім қандай болуы керек? Бұл сұрақтың жауабын әлемнің барлық дерлік елі іздейді. Көптеген алаңдарда талқыланады. Мен бір нәрсені нақ айта аламын – әлемді өзгертуге қабілетті адам болса, ол – мұғалім, - деді Күләш Шәмшідинова.

Конференцияның отандық және шетелдік қатысушылары Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда, тек мектеп әлемін емес, әлемді өзгерту үшін келесі қазанда қайтадан бас қосады.

Следующая →