Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

"АвтоЦОН" жаңа ғимаратқа көшеді

4 қарашадан бастап Өскемендегі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы секторы жаңа, кең ғимаратқа көшеді

Бұрын Сәтбаев көшесі, 34/2 мекенжайы бойынша автоқызметтер көрсеткен бөлім енді Гавань шағын ауданындағы арнайы ғимаратқа ауыстырылады.


"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, онда 15 қызмет көрсету терезесі, жүргізуші куәлігін ауыстыруға арналған 3 терезе, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету секторына арналған 12 үстел болады, онда азаматтар мемлекеттік қызметтерді өздігінен ала алады. Қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін 50-ден астам көлікке арналған тұрақ қарастырылған.

- Бұрын Сәтбаев көшесіндегі фронт-офисте мемлекеттік қызметтермен қатар автоқызметтер де көрсетілетін. Сондықтан әлеуметтік салаға не құжаттандыруға қатысты қызмет алуға келетін тұрғындармен көлік иелері қосарласып, бір-біріне ыңғайсыздық тудыратын. Бөлім қызметі бойынша өскемендіктердің ұсыныс-тілектері көп болды, қызмет алушылардың санын ескеріп, біз жаңа, ыңғайлы ғимаратты жалға алып, көлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін алуға қатысты қызметтерді арнайы ғимараттан алуға болатындай еттік. Онда қызмет көрсетуші операторлардың да, көлік жүргізушілерінің қызметті өздігінен ала алатын үстелдердің де саны әлдеқайда көп, - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембұлов.

Естеріңізге сала кетейік, автоқызметтер көрсетілген Сәтбаев көшесі 34/2 және Қазақстан көшесі 159/4 бойынша орналасқан ХҚО-лар әдеттегі кестеге сәйкес, жалпы мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жалғастырады.


Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі: дүйсенбі-сенбі аралығында түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

Следующая →
Тақырыптар: ХҚКО Өскемен АвтоЦОН