Ізгілікті көзқарас жаза өтеуді жеңілдетеді
Солжағалау аудандық пробация қызметінің негізгі мақсаты - қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға тартылған тұлғалардың арасында ел заңдарына сәйкес тәрбие жұмыстарын жүргізу
Пробация қызметкерлері бұрындары сотталғандарды идеологиялық жұмыстар арқылы жүргізілген болса, қазіргі уақытта олардың жұмысы ізгілікті көзқарас негізінде заңдылық қатынаста және сүрініп кеткендерді жақсы адамгершілік қасиеттерге бейімдеу бағытында жүзеге асыруда.
- Сотталған Д. 17.03.2018 жылы ШҚО Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі бойынша 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, Солжағалау аудандық пробация қызметінің есебіне тұрды, - дейді ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық ПҚБ аға инспекторы әділет капитаны А. Алимова. - Сотталған Д. бас бостандығын шектеу жазасын өтеу барысында ешқандай құқыбұзушылыққа жол берген жоқ, өзінің түзу жолға түскенін дәлелдеді. Сол себептен қылмыстың ауырлық сатысына байланысты 03.06.2019 жылы ШҚО Өскемен қаласының №2 сотының қаулысына сәйкес шартты сынақ мерзімінен бұрын босатылып, 24.06.2019 жылы Солжағалау аудандық пробация қызметінің есебінен шығарылды.
Осындай нәтижелі және сүрінгендерді оң жолға салатын жұмыстар көбейсе нұр үстіне нұр болар еді. Сондықтан біздер өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беріп, жат қылықтардан аулақ ұстауға атсалысайық.