Өскемендіктерді жәрмеңкеге шақырады
Бұл жолы қала тұрғындары мен қонақтарына Шемонаиха ауданының шаруалары өз өнімдерін ұсынбақ
Жәрмеңке сенбі күні, 26 қазанда, Сәтпаев даңғылындағы Fresh Market дүкені маңында сағат 9.00-де басталады.
Жәрмеңкеге келушілер балғын ет, көкөніс пен жеміс-жидек, сүт, нан өнімдерін, бал мен балық және өзге де азық-түлікті қолжетімді бағада сатып ала алады.