668 келі балық текке қырылды
Бұқтырма су қоймасы мен Зайсан көлінен заңсыз балық аулап жүрген балықшылардың аулары табылды
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекуиясы су айдындарында жүргізген рейд кезінде көптеген заңбұзушылықтарға тап болған.
Мамандар тексерік кезінде Бұқтырма су қоймасы мен Зайсан көлінен ешқандай рұқсатсыз құрылған синтетикалық моноталшықты 774 ауды алып тастады және өртеп көзін құртқан.
Бұл ауларға 668 келі балық түсіп, өлген. Оның ішінде ақтабан, көксерке, мөңке балық, шортан мен алабұға бар. Ал тірі қалғандары қайта су айдынына жіберіллді.
- Қазан айының ортасында жүргізілген рейд кезінде балық аулау бойынша 9 ереже бұзу әрекеті анықталды. Заң бұзған 9 азаматқа қатысты ӘҚК ҚР 383-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деп мәлімдеді Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекуиясы.
Тексеріс жұмыстарына инспекторлар 3 теплоход, 2 катер, 11 моторлы қайық, 5 көлік пен 24 адамды жұмылдырған.