Семейде Toyota тізгіндеген әйел баланы қағып кетті
Оқыс оқиға бүгін, 14 қазан күні, күннің екінші жартысында Боранбай би көшесі бойында орын алды
Полиция қызметі хабарлағандай, Toyota көлігін басқарып отырған 45 жастағы әйел ГАЗ көлігімен соқтығысқан. Осы апатта баланы да қағып кеткен.
- Баланы дәрігерлер қарап шығып, денсаулығына төнген қауіп жоқ болғандықтан үйіне қайтарды, - деп мәлімдеді Шқо ПД баспасөз қызметі. - 45 жастағы келіншекке қатысты ҚР ӘҚК 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.