Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Мекенжай анықтамасы сұралмайды

Елімізде енді мекенжай анықтамасын алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмысқа орналасу кезінде, мектептерде, балабақшаларда, емханаларда, банктерде және басқа да жағдайда азаматтар ХҚКО-ға, мемлекеттік органдарға барып үнемі кезек күтуге мәжбүр.

Ішкі істер министрлігі өз деректер базасын басқа мемлекеттік органдармен біріктірді, бұл халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тетіктерін жеңілдетті. Атап айтқанда, мекенжай анықтамаларын беру толығымен алынып тасталды, өйткені бұл деректер барлық мемлекеттік органдардың деректер базасында бар.

- ІІМ өз мәліметтер базасын өзге мемлекеттік органдармен біріктірді, соның арқасында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету механизмі жеңілдеді. Атап айтқанда, мекенжай анықтамасы енді берілмейді, себебі бұл мәліметтер барлық мемлекеттік органдардың базасында бар. Қағазбастылықтан арылу және мемлекеттік қызметті алу уақытын қысқарту мақсатында мекенжай анықтамасы енді талап етілмейді, - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі азаматтарды тіркеуге байланысты басқа да бірқатар мемлекеттік қызметтерді жеңілдетіп, оңтайландырмақ. Жыл соңына дейін "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында министрлік тағы 8 қызметті халыққа электронды форматта беруді жоспарлап отыр.

Азаматтарды тіркеу туралы мәліметтер беру - бұл сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Жыл сайын тұрғындар құжаттарды, жәрдемақыларды және басқа қызметтерді алу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 10 миллионнан астам мекенжай анықтамаларын сұрайды.

Следующая →