Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

БЦЖ қайта егіле бастады

Тауарлар мен қызмет көрсету сапасын бақылау басқармасы туберкулезге қарсы вакцинациялау қайта қолға алынғандығын хабарлады

Өткен сандарда облыстағы жаңа туған сәбилерге туберкулезге қарсы егілетін БЦЖ екпесінің уақытша тоқтатылғанын хабарлағанбыз. Енді мамандар 27 қыркүйектен бастап вакцинациялау қайта қолға алынғандығын айтып отыр.

- Денсаулық сақтау басқармасына Министрліктен БЦЖ екпесі салынатындығы туралы ресми хат келді. Басқарма да өз тарапынан медициналық мекемелердің барлығына хаттар жіберіп, осы жұмыстарды дұрыстап қолға алу, ары қарай жалғастыруды тапсырды. Ал ата-аналарына айтарымыз, перзентханада екпе жасалмаған сәбилер жергілікті учаскелік амбулаторияда екпе қабылдайтын болады, - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Қайратбекқызы.

Отандық дәрігерлер 14 жылдан бері Жапониядан шығатын екпені үздіксіз қолданып келген. Биыл өндірушілер вакцина ерітіндісінен қақпақтың сынығын тауып алған. Сол себепті қазір 35 елге жөнелтілген препараттар кері қайтарылып, екпе егу тоқтатылған.

- Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы, Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызмет сапасын, қауіпсіздігін бақылау комитеті өзінің қорытындысын шығарып, рұқсатын берді. Енді екпе қауіпсіз, - деп мамандар өз кезегінде алаңдауға еш негіздің жоқтығын айтып сендіруде.

БЦЖ екпесі - балалар үшін міндетті вакциналардың бірі, туберкулезге қарсы вакцина сәби дүниеге келгеннен кейін 3-4 күннің ішінде салынатын міндетті препарат және бала 6-7 жасқа келгенде тағы бір мәрте қайта егіледі.

Следующая →
Тақырыптар: БЦЖ ҚР Екпе