Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Жедел жәрдем қызметкерлерін соққыға жықты

Семей қаласының тұрғыны жүкті әйелінің ауырып қалғанын естіп, жедел жәрдем шақыртқан

Дереу жеткен жедел жәрдем қызметкерлері жүкті келіншекті тексеріп шыққан соң "Өздігінен болатын түсік" диагнозын анықтап, қалалық ауруханаға жеткізген.

Ал бұл уақытта ішімдікке мас ер адам ашуға булығып, әйеліне ауырсынуды басатын дәрі беруді талап етіп, келген екі фельдшерді соққыға жыққан.

- Екі фельдшердің де миы шайқалған, жабық бас сүйек-ми зақымын алған, ер адамның мұрны сынған, - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ильяс Мұхамеджан. - Соған қарамастан дәрігерлер науқасқа қажетті көмкеті көрсетті. Содан кейін ғана Затон аудандық полиция бөлімшесіне барып, ер адамның үстінен шағым түсірген.

Бұзақы дереу тұтқындалды. Дәрігерлер нейрохирургиялық бөлішеге жатқызылды. Қазір бұл іс прокурорлардың бақылауында.

- Өзімнің үзілді-кесілді көзқарасымды білдіргім келеді, - дейді басқарма басшысы. - Мәмілеге келу болмайды. Біз медицина қызметкеріне қарсы зорлық-зомбылыққа қарсымыз. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен дәрігерлер тарапында және істі соңына дейін өз қадағалауымызда ұстаймыз. Заңгерлер мен медициналық ұйымдардың ұжымы әріптестеріне қолдау көрсететін болады. Құқық бұзған адам заңға сәйкес жауап беруі керек.

Следующая →