Самар тас жолында тағы да апат орын алды
Бұл жолы минивэн аударылып қалса, ГАЗель жүк көлігі жол жиегіне ұшып кеткен
Өткен жұмада Өскемен-Самар тас жолында тағы бір ауыр апат орын алды. Жолдың 22-ші шақырымында екі көлік соғылған.
Оқыс оқиғаның анық-қанығы белгісіз болса да, жүк көлігі мен Mitsubishi Delica минивэні соғылған. Соққыдан жүк көлігі жол жиегіне ұшып кеткен. Ал минивэн аударылып қалған. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетіп, тергеу жүруде.