КамАЗ-ды басып озбақ болып, апатқа ұшырады
ЖКО кеше кешкі уақытта Өскемен-Самар тас жолының 40-шы шақырымында орын алды
Куәгерлердің айтуынша, "ВАЗ 21099" жүргізушісі жүк тиелген КамАЗ-дың артында келе жатқан. Өрге шығып келе жатқан жүк көлігін басып озбақ болған ВАЗ қарсы беттегі LADA Granta-ға соғылған.
- Granta-ға оның артында келе жатқан "Ленд Крузер Прадо" 150 соғылды, - деді куәгерлер.
Абырой болғанда, бұл оқыс апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.
Осы орайда тәртіп сақшылары жол нашар көрінетін уақытта көлікті басып озарда абай болуды ескертеді.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Обгон КамАЗа и столкновение ДТП в ВКО ДТП на Самарском шоссе