Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Самардағы субұрқақ қосылмай тұр

Көкпекті ауданы Самар ауылында құны 28 млн теңгелік субұрқақ ашылғанымен, істемей тұр

Тамыз айында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Самар ауылында ақынға ескерткіш қойылып, халық игілігі үшін биші субұрқақ ашылған еді. Өкінішке орай, сол әсем фанттанның үнін де, керемет биін де самарлықтар ескерткіштің салтанатты ашылуында ғана көре алды. Содан бері субұрқақ істемей тұр.

28 млн теңге қаражат жұмсалған фонттаның қосылмауына электр қуатының жетіспеушілігі себеп болып отыр. Фонтан қосылған кезде 28 отбасы мен 2 дүкен жарықсыз
қалады екен.

- Бастапқыда фонтанға электр энергиясы жақын орналасқан, мәдениет үйін қуаттандырып отырған тоқ көзінен тартылды. Бірақ фонтанда суды ерекшелеп шығару үшін 8 мотор орналасқан екен, оған керекті қуат та көп болып шықты. Біз фонтанды алғаш қосқанда мәдениет үйінің жарығы жыпылықтап тұрды, артынша тұрғындар да хабарласты. Фонтанды қоссақ, 2 қабатты үш үй, онда 28 пәтер бар және 2 дүкен жарықсыз қалады, - деді Самар ауылдық округінің әкімі Ахмет Кудербаев.

Жағдайды жергілікті әкімдік қадағалап отыр. Халықты жарықсыз қалдырмау үшін фонтанға электр энергиясын басқа жолмен тарту қарастырылған. Самар әкімдігі тарапынан барлық қажетті құжаттар әзірленіп, жұмыстар атқарылып қойған екен.

- Біз фонтанды тікелей кешенді трансформаторлы подстанцияға қосқызып қойдық. Барлық қажетті құжаттарды да реттеп бердік, ендігі іс "ШҚ АЭК" АҚ еншісінде, - деп түсіндірді Ахмет Фазылұлы.

Ауылдық округ әкімі әсем әуенді, биші фонтан осы аптаның соңына дейін қосылады деп сендірді.

Следующая →