ШҚО-ның мемлекеттік және бюджеттік мекемелері жоғары жылдамдықты интернетпен жабдықталады
Өңірдің 113 мемлекеттік мекемелері мен бюджеттік ұйымдары жыл соңына дейін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі
Қазақтелеком Аягөз, Глубокое, Катонқарағай және Үржар аудандарының шалғайдағы ауылдық елді мекендерінде жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
- Жобаны іске асыру Интернет желісіне қосылу жылдамдығын арттырып ғана қоймай, сонымен қатар тұрғындарға электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Мұғалімдер мен оқушыларға қашықтықтан оқыту, сандық күнделік сияқты заманауи сандық сервистер мен жобаларға қолжетімділік ашылады. Денсаулық сақтау қызметкерлері медициналық ақпараттық жүйелерге қосылып, қағазсыз медициналық құжат айналымына шыға алады, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан ТМКМ директоры Ғазинур Райымханов.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. 2020 жылға арналған жоспарға сәйкес, ШҚО-ның 49 елді мекенінде Интернет жеткізіледі.