Нұр-Сұлтан қаласында жаһандық инновациялық саммит басталды
Инновациялық саммит алғаш рет Орталық Азия елдерінде өтіп жатыр
Саммиттің басты тақырыбы ұлттардың бәсекеге қабілеттілігі және мемлекеттердің ұзақ мерзімді тұрақты өсуін қамтамасыз ету, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" сайты.
Саммитте Қазақстан Қаржы министрі Әлихан Смайылов сөз сөйледі.
- Тұрақты өсу үшін маңызды фактор еңбек өнімділігін, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, сондай-ақ экономиканы әр тараптандырудың маңызды компоненттерінің бірі ретінде экспорттың экономикалық күрделілігін жеңілдету болып табылады, - деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Министрдің айтуынша, Қазақстан экономикасы тұрақты өсу қарқынын көрсетіп отыр. Мысалы, Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингісінде Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форуммен есептелетін Жаһандық бәсекеге қабілетті индекісде 59 - шы орынға көтерілді.
Іс-шараны ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры ұйымдастырды.