Бал жәрмеңкесіне 51 тонна бал әкелді
Алтайдың алтыны мен арасының балы, балығының сорпасы мен балқарағайы бренд
Бұл біздің дәуірге дейін де бренд болса, кейін де бренд бола бермек. "Қолда барда алттынның қадірін білген" қала тұрғындары бал фестивалінен базарлық алып қайтты. Қала күні облыс орталығында өткен бал фестиваліне Алтай, Өскемен, Катонқарағай, Семей, Самар, Риддер, Маралды, Шемонаиха қатарлы жерлерден келген шаруа қожалықтары қатысты.
– Бүгінгі жәрмеңкеге балдың неше түрі келіпті. Бәрі де дәмді екен. Бағасы да ойға қонымды, қалтаға қолайлы. Бұл таза әрі табиғи өнім денсаулыққа пайдалы. Дәрі-дәрмек ішкенше, осы балды сапырып іше берсе біршама ауруға ем ғой. Кейбір мемелекеттер мұндай таза өнімді таппай отыр. Біз қолда бар дүниенің қадірін белмейміз. Осы жәрмеңкеден Алтайдың балын алдым, – дейді қала тұрғыны Әйла Әшімқызы
Шығыста осындай бал фестивалінің өту дәстүрі ертеден қалыптасқан. Алтынға бай Алтай атырабы Қазақстандағы ара шаруашылығының алғашқы ошағы. Олай дейтініміз Ресей ғалымы П.С. Паллас Үлбі өзенінің бойы бал арасын өсіруге қолайлы екендігі туралы 1777 жылы жазған. 1812 жылы Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт жәрмеңкесіне қатысып, балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдепті. А.Н. Федеров Оңтүстік, батыс, Алтайда 1915 жылы ара өсірушілердің 2-съезін де өткізіпті.
Қала күні қарсаңында өткен бал фестивалі осы дәстүрлі үрдістің жалғасы.
– Қала күні құрметіне орай дәстүрлі «Бал фестивалі» өтуде. Жалпы айтқанда жәрмеңкеге онаурызшылар барлық ауданнан қатысты. Барлығы 51 тонна бал алып келді. Қала тұрғындары табиғи өнім ұсынған онаурызшыларға риза деген сенімдемін, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.