Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Туберкулезге қарсы екпе жұмыстары кемінде екі айға тоқтатылды

Екпе Қазақстанның барлық клиникаларында және перзентханаларында салынбайды, себебі екпеден ақау шыққан.

Жапондық Japan BCG Laboratory өндіріс зауыты 35 елдің, соның ішінде біздің республиканың екпелерін қайтарып алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Препарат сұйықтығынан ақаулар табылды, - деді Гүляйим Тагаева, ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары. - Біз бұл вакцинаны 18 жыл бойы қолдандық. Шығыс Қазақстан облысында одан кейін асқынулар болған жоқ, бірақ сатып алу орталықтандырылған болғандықтан, оны пайдалану біздің орнымызда да тоқтатылды.
Қазіргі уақытта әлемнің 170 елінде қолданылатын SERIUM institute of INDIA вакцинасын сатып алу және жеткізу жоспарлануда. Бұл мәселені шешу екі-үш айға созылуы мүмкін.
- Осы кезеңде туылған сәбилер перзентханаларда вакцинацияланбайды, олар жаңа вакцина келген кезде вакцинацияланады, - дейді Гуляим Тагаева. - Бұл сондай-ақ, 6-7 жас аралығындағы балаларға да қатысты. Ревакцинация кейінге қалдырылды.
Қоспалар жойылғаннан кейін Жапониядан вакциналар жеткізіле ме, жоқ па әлі белгісіз. Бұл мәселені ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шешеді.

Жыл сайын ШҚО-да туберкулезге қарсы 21 мыңнан астам нәресте мен 6-7 жас аралығындағы 11 мыңнан астам балаға екпе салынады. Соңғы 10 жылда туберкулез ауруы екі есеге, өлім-жітім 10 есеге төмендеді.
Следующая →