Өскемендегі оқушыларға неліктен оқулық жетппей қалды?
Қала мектептерінің біріндегі бесінші сыныптың бірнеше оқушысына оқулықтар жетпей қалған
Оқушлырадың ата-аналары кітап жетпей қалғанын және оның жақын уақытта әкелінбеуі мүмкін екенін айтады.
- Тек біздің сыныптың өзінде бес кітап жетпей қалды, - дейді 5-сынып оқушысының анасы Александра. - Басқа сыныптар да осындай мәселемен бетпе-бет келіп отыр. Мұғалімдері алдымен екі аптадан кейін жетпегендер кітапты толық алады деп айтса, кейін тіпті кітаптың мүлде келмей қалуы да мүмкін екенін тұспалдаған. Енді басқа балалардың кітабының көшірмесін жасап аламыз ба деп отырмыз. Өйткені ҚР БҒМ сайтынан барлық кітаптардың электронды нұсқасын табу оңай емес. Ал сатып алайық десеу, Қ. Қайсенов кітаптар дүкенінде де жоқ болып шықты.
Облыстық Білім басқармасы бұл мәселені бақылауға алуға уәде етті.
- Кітаптың жетпей қалуына биыл бесінші сынып оқушыларының саны өткен жылмен салыстырғанда көп болуы себеп шығар, - дейді мекеме басшысының орынбасары Айгүл Байжанова. - Жазғы маусымда қалаға қоныс аударғандардың саны артқаны байқалады. Бұндай жағдайда білім бөлімі тиісті шара қабылдап, кітап артылған мектептерден жетпей жатқан мектептерге жіберуі керек. Не болса да, бұл мәселені өз бақылауыма аламын.
Осы орайда Айгүл Оразғалиқызы кітап сатып алудың қажеті жоқтығын айтты.
- Кітаптар оқушыларға тегін беріледі. Сондықтан кітап сатып алуға міндетті емес, - деді мекеме басшысының орынбасары.