Вице-премьер Қазақстанда салынатын қытай зауыттары туралы айтты
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Қытаймен бірлесіп Қазақстан аумағында салынғалы жатқан кәсіпорын ел экологиясына еш зиян келтірмейді
Бүгінгі таңда индустрияландыру аясында бірлесіп 55 қазақстан-қытай зауытын салу жоспарлануда.
Мемлекеттік кепілдеме бір ғана жоба - Астана LRT бойынша ғана берілгендігін айтты Қасымбек бейсенбі күні баспасөз мәслихатында, деп жазды sputniknews.kz
сайты.
- 55 бірлескен жобаның 15-і экономиканың әр секторында іске қосылды. Ауыл шаруашылығы, металлургия, химия, мұнай және газ, көлік және логистика, тағы басқа салалар бар. Он бес жобаның жалпы құны 3,9 миллиард доллар. Төрт мыңға тарта жаңа жұмыс орны ашылды. Қызметкерлердің 95%-і Қазақстан азаматтары деп нақты айта аламын, - деді Қасымбек.
Ол JAC қытай көлігін шығаратын "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" компаниясын мысал ретінде келтірді. Қазақстан қытай инвесторларына Ресей, Беларусь, Өзбекстан нарығына шығуға мүмкіндік береді, дейді вице-премьер.
- Бұл зауытта Қазақстан азаматтары жұмыс істейді. Екінші мәселе - рапс майын өндіретін "Тайынша май" зауыты. Мұнда да қытай технологиясы, қытай қаражаты пайдаланылған, бірақ Қазақстан азаматтары еңбек етеді. Енді 2019 жылдың соңына дейін бағдарлама аясында тағы бес жоба іске қосылады, - деп мәлімет берді Қасымбек.