Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Енді сотталмағандығы туралы анықтаманы 10 минут ішінде алуға болады

Аталған жүйені оңайлату әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтер, мұрағаттық анықтамалар және басқаларына қатысты болды

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ШҚО бойынша өкілдері баяндады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

- Біз бірқатар мемлекеттік қызметтерді толықтай автоматтандырдық, - дейді комитет басқармасы бастығының м.а. Назигуль Сматова. - Мемлекеттік қызметтің үш түрін тек электронды-сандық қолтаңбасымен egov электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады.

Осылайша, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы енді сенімді жеке немесе заңды "үшінші тұлға" ала алады. Бұл ретте деректерді сұраған адамға жеке кабинетте растау немесе хабарлама қажет болған жағдайда SMS келеді.

- ҚР ҚК 79-бабына сәйкес, қылмыстық қудалау тоқтатылған және соттылығы жойылған азаматтар "соттылығы жоқ" деген жазумен таза анықтамалар алады, - деп атап өтті Назигуль Сматова.

Қызмет көрсетудің ең аз мерзімі - 10 минут, қосымша тексеру қажет болған жағдайда - үш жұмыс күні. Анықтаманы қағаз түрінде алғысы келетін тілек білдірушілер бұрынғыша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына - ХҚКО-ға бара алады.

Бұдан басқа, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді енді портал арқылы ғана береді, қызметті алу жылдамдығы - 15 минут.

Мұрағат анықтамаларын беру процесін де оңайлатты. Ол үшін ХҚКО-ға өтініш беру немесе электрондық үкімет порталына кіру жеткілікті. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат, туысқандық дәрежесін растайтын құжаттар - туыстарына ақпарат алған кезде болуы керек. Бұл қызметті енді 30 күн емес, 10 күнтізбелік күн ішінде көрсетеді.

Назигүл Сматованың айтуынша, "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметі автоматтандырылмаған, ХҚКО арқылы бес күн ішінде қағаз түрінде көрсетіледі және ақылы болып қалады - сұрау кезінде 0,5 АЕК немесе 1262 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Следующая →