Өскемендіктер бір-бірін түрлі т үсті бояуға бояды
Облыс тұрғындары осылайша жазды көтеріңкі көңіл-күймен шығарып салды
Бүгін түс ауа "Металлург" саябағына жиналған ересектер мен балалар мерекені тойлап, түрлі байқауларға қатысты. Ал күннің көркін түрлі түсті "Холи" бояулары келтіре түсті.
Қаланың шығармашылық топтары да әннен шашу шашып, ұйымдастырушылар түрлі ойындар өкізді.
- Түрлі-түсті фестивальдің басты мақсаты – тезірек түрлі түске боянып, жаныңда тұрған адамды да бояндыру, - дейді фестивальдің ұйымдастырушысы Вадим Бухарин. - Бұл фестивальға келгендердің таза кетуі мүмкін емес.
Color fest-2019 алғашқы күні көбікті кешпен аяқталды.
- Бұл фестивальға бірінші рет келіп тұрған жоқпын, - дейді 14 жастағы Темірлан. - Бұл фестиваль жылда ұйымдастырылады. Әр жыл сайын көңілді, түрлі түске боялып, жақсы демалып қайтамын.
Бүгін бұл мерекеге келе алмағандарға ертең 14.00-ден 19.00-ге дейін "Металлург" паркіне келіп, қатысуға болады.
Следующая →