Тұрғындарға қауіп төндірген шұңқырды көміп тастады
Бір ай бұрын Қазақстан, 160 мекенжайында орналасқан жатақхана маңын мердігер компаниялардың бірі қазып, үлкен шұңқырда ашық тастап кеткен
Аяқ асты пайда болған шұңқырға ойын баласы түұсіп кете ме деп тұрғындар алаңдаған еді. Тіпті, бала тұрмақ қас қарайған шақта ересек адамның өзі де түсіп кетуі әбден мүмкін.
Өскемен қаласындағы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мамандары бұл шұңқырдың Северный кентіне су құбырын тарту кезінде пайда болғанын түсіндірді.
- Люк орнату үшін шұңқыр қазған. Бір шеңбер орнатылған, ал екіншісі қолды болды, - дейді мекеменің баспасөз хатшысы Владимир Землянский. - "Элхон-строй" шұңқырды көміп тастап, қайта қазбас үшін материалды күткен. Қазір екінші шеңбер де қойылып, шұңқыр уақытша жабылды.
Северное кентіндегі жөндеу жұмыстары қазан айының соңына дейін жалғасады.
Следующая →