Өскеменде Жеңіс даңғылының жол төсемі ауыстырылды
Облыс орталығының әкімі Жақсылық Омар жұмыстың аяқталғандығын әлеуметтік желіде жариялады
Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша ұзындығы 1300 метр көше мен Бәйтерек айналма жолағының төсемі ауыстырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Қозғалыс ыңғайлылығы үшін жолақтардың арасында бұрылыс жасауға болатын қосымша аралық қалдырылған. Жөнделген жолтөсемінің жалпы ауданы 40900 шаршы метрді құрады.
Сондай-ақ, халық арасында 23 ықшам аудан мен арматура зауытына апаратын жолдың сын көтермейтіндігі жиі айтылады.
Тақырыптар:
Заменили дорожное покрытие на проспекте Победы Ремонт дорог в Усть-Каменогорске Аким Усть-Каменогорска Жаксылык Омар