Қазақстанда онкологиялық ауруларды анықтау тегін болады
Алдағы уақытта мұндай мүмкіндік міндетті медициналық сақтандыру аясында жүзеге аспақ. Атап өтсек, бұрындары скринг үшін тегін еді, енді молекулалық-генетикалық зерттеу үшін де ақысыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz сайты
Сондай-ақ, химиотерапия мен таргеттік терапия тегін болады, ол үшін бюджеттен 35 млрд теңге бөлінген. Мамандардың айтуынша обыр дертін уақытылы анықтап емдеуге болады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 200 мыңға жуық онкологиялық науқас бар. Жыл сайын 35 мыңға жуық жаңа ауру белгісі тіркеледі.Емделушілердің шамамен 60%-ы аурудың бастапқы сатысында анықталған болуы мүмкін.