Риддер қаласында қайырымдылық акциясы өтті
Nur Otan партиясының қамқорлығымен Риддер қаласында қайырымдылық акциясы өтті
Оның мақсаты - атаулы әлеуметтік көмек көрсету, көпбалалы және аз қамтылған отбасы мәселелеріне қоғамның назарын аудару. Өйткені, партияның басты міндеттерінің бірі көпбалалы отбасыларға қамқорлық көрсету болып табылады. Акция барлығы 42 отбасын қамтыды. Оның ішінде 30 риддерлік көпбалалы аз қамтылған отбасына ұн, жарма, макарон өнімдері, өсімдік майы, қант және басқа да өнімдері; 12 ардагерге, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына мерекелік жиынтықтар ұсынылды.
- Біздің NurOtan партиясына, Мемлекет басшысына, оның бізге, көпбалалы аналарға көмек көрсетуге бағытталған саясатына рахмет, барлық демеушілерге шын жүректен алғысымды білдіремін. Бұл әр көп балалы отбасы үшін өте жақсы демеу, қамқорлық үшін рахмет, қайырымдылық пен жақсы ниеттердің арқасында Құрбан айт мерекесі күндері өткені өте маңызды! - дейді көпбалалы ана Ирина Дергачева.